Коллекция "Батыс Қазақстан"
«Батыс Қазақстан» топтамасы
Әшекейдің бетіне яшма тасы қондырылған, түйіршікті үш бұрыштармен, шеңберлермен, ою бастырылған жолақтармен, бұйымдардың сыртқы пішімін ширатпамен сәндеу арқылы (батысқазақстандық зергерлік өнерге тән сипатта) «геометриялық» стильде шешімін тапқан.
Өз кезегінде түйіршікті үшбұрышты бейнелеулер қола дәуірінің керамика оюларынан бастау алады (б.э.д ХVIII–VIII ғғ.), бірақ ғұндардың зергерлік өнерінде неғұрлым айқынырақ (III–V ғғ.) көрініс тапқан.
Үш бұрышты бейнелеулер қазақтардың ұғымында ежелден әмбебап сипатқа ие және аса қуатты қорғаушы деген мағынасы бар. Шығыста аса маңызды семантикалық мәнге ие болған үш бұрыш тақырыбы б.э.д IV ғ. – б.э. Х ғ. асқан құдіреттіліктің символы деп саналғанын атап айтуымыз керек.
Тамшы тәрізді созылыңқы түрдегі алқа салпыншақтарының құнарлылықты, көптік идеясын білдіретін семантикасының мәні зор. Тұтастай алғанда бұйымдардың әшекейленуі көркем мағынадан басқа және ізгі ниеттілік функцияларын атқарады, ал бұл, қазақ дәстүріне сәйкес, зергерлік өнер туындыларының қажетті құрамдас бөлігі болып табылған.
Әдебиет:
1. Тохтабаева Ш.Ж. Серебряный путь казахских мастеров. Алматы:Дайк-Пресс, 2005. С. 211-306

Коллекция "Батыс Казакстан".
Украшение выполнено в «геометрическом» стиле: наличие вставки из яшмы, декорирование свободной поверхности зернистыми треугольниками, скаными окружностями, лентами с тисненым орнаментом, декорировка контура изделий витой сканью.
В свою очередь изображения в виде зернистых треугольников восходят к орнаментике керамики эпохи бронзы (ХVIII–VIII вв. до н.э.), но более отчетливо к гуннскому ювелирному искусству (III–V вв.).
Треугольный мотив издревле становится в представлении казахов одним из глобальных символов универсального характера и осмысливается, как мощный оберег.
Значима семантика подвесок (в виде вытянутой каплевидной фигуры), олицетворяющие плодородие, идеи множественности. В целом декор украшения помимо художественного значения выполняет защитно-охранную и благопожелательную функцию, что, согласно казахским традициям, было необходимой составляющей чертой произведений ювелирного искусства.
Литература:
1. Тохтабаева Ш.Ж. Серебряный путь казахских мастеров. Алматы:Дайк-Пресс, 2005. С. 211-306